Новости

Зухра Ирназарова — Әлем чемпионы🥇🔥🇰🇿

Зухра Ирназарова — Әлем чемпионы🥇🔥🇰🇿

Әзербайжан астанасында өтіп жатқан нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына 2 медаль түсті.

Әйелдер арасында 10 метрден жылжымалы нысана көздеудің финалына екі қазақстандық — Зухра Ирназарова мен Александра Садуакасова шығып, бас жүлдені сарапқа салды. Тартысты өткен ақтық сында Зухра отандасы Александрадан 6-3 есебімен басым түсіп, әлем чемпионы атанды. Ал қола украиналық Галина Авраменкоға бұйырды.

Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде 3 жүлде бар. Бірнеше күн бұрын стенд атудың трап бағдарламадасында Мария Дмитриенко мен Даниил Почивалов (микст) үздік үштікті түйіндеген.

Бакудағы дода 1 қыркүйекте мәресіне жетеді.

Последние фотографии

Последние видео