Александра Ле Олимпиада лицензиясына бір қадам жақындады: қазақ спортшысы әлем чемпионатының финалына жолдама алды
Нысана көздеуден Қазақстан командасының өкілі Александра Ле Қатар елінің астанасы Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатында 50 метрден үш жағдайдан мылтықпен ату жаттығуында финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Іріктеу кезеңінде Александра 590 ұпай жинап, 6-орынға тұрақтады және үздік сегіз финалистің қатарына енді.
Қазақстанның тағы бір өкілі София Шульженко іріктеуді 582 ұпаймен 43-орында аяқтады.
Финалда Александра Ле әлем чемпионатының медалімен қатар, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының лицензиясын сарапқа салады.
Айта кетейік, Александра Ле -2024 жылы Париж Олимпиадасында Ислам Сәтпаевпен жұптық сайыста (10 м, пневматикалық мылтық) қола жүлдеге қол жеткізген. Сонымен қатар оның қоржынында Азия ойындарының қола жүлдесі мен Азия чемпионы атағы бар.
Дохадағы нысана көздеу және стенд атудан әлем чемпионаты 14 қарашаға дейін жалғасады.
•
Александра Ле в шаге от олимпийской лицензии: казахстанка вышла в финал чемпионата мира
Представительница сборной Казахстана Александра Ле пробилась в финал чемпионата мира по пулевой стрельбе в Дохе (Катар) в дисциплине «винтовка, 50 метров, три положения», сообщает пресс-служба Дирекции развития спорта Министерства туризма и спорта РК.
По итогам квалификации Александра Ле набрала 590 очков и заняла шестое место, обеспечив себе место среди восьми финалисток.
Ещё одна представительница Казахстана София Шульженко завершила квалификацию на 43-м месте, набрав 582 очка.
В финале Александра Ле поборется за медаль чемпионата мира и олимпийскую лицензию на Игры 2028 года в Лос-Анджелесе.
Отметим, Александра Ле является бронзовым призёром Олимпийских игр 2024 года в Париже. Вместе с Исламом Сатпаевым она завоевала медаль в смешанной стрельбе из пневматической винтовки на 10 метров. Также в её активе бронзовая медаль Азиатских игр и титул чемпионки Азии.
Чемпионат мира по пулевой и стендовой стрельбе в Дохе продлится до 14 ноября.