Новости

ЖАҢА ЖЫЛДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ ЖАРЫС

ЖАҢА ЖЫЛДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ ЖАРЫС

Нысана көздеуден 5-18 қаңтар аралығында Индонезия астанасы Джакартада лицензиялық Азия чемпионаты өтеді.

Париж Олимпиадасының 16 лицензиясы сарапқа салынатын бәсекеде 29 мемлекеттен жиналған 380 таңдаулы мерген сынға түседі.

Ұлттық құрама сапында 21 спортшы аттанды. Оның 7️⃣-уі винтовкамен, 🔟 спортшы тапаншамен, 4️⃣ спортшы жылжымалы нысана көздеуде бақ сынайды.

Әзірше ел қоржынында Париж Олимпиадасының 3 жолдамасы (Ислам Сатпаев, Арина Алтухова мен Константин Малиновский) бар.

Айта кетейік, нысана көздеуде лицензия спортшының жеке өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі.

#QazOlympics

📸 @sabirov13 @kazangapov.t

Последние фотографии

Последние видео