Новости

Валерий Рахымжан Әлем Кубогында 5-орын алды

Валерий Рахымжан Әлем Кубогында 5-орын алды

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан лицензиялық Әлем Кубогының кезеңінде Ұлттық құрама спортшысы Валерий Рахымжан финалға шығып, 5-сатыдан көрінді.

Валерий 10 метрден тапаншамен нысана көздеудің ақтық сынында 176 ұпай жинап, 8 мергеннің арасында бесінші болды. Өкінішке қарай, ол Олимпиада лицензиясына қол жеткізе алмады. Жүлде Италия, Беларусь және Германия спортшысына бұйырды.

Іріктеуде отандасымыз 584 балл алып, 4-орынмен финалға шыққан.

Айта кетейік, Бразилиядағы Әлем Кубогында 76 мемлекеттен келген 466 спортшы шеберлік байқасып жатыр.

Последние фотографии

Последние видео