Новости

ШЫМКЕНТТЕ АТУДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІНІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ!

ШЫМКЕНТТЕ АТУДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІНІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ!

2023 жылғы 10-22 қазан аралығында Шымкент қаласында КСРО Спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған Стенд атудан ХХХII Гран-при халықаралық турнирі өтті.

Республикамыздың ату спортының даму тарихында бұл турнир 32-ші рет өткізіліп, еліміздің Тәуелсіздігімен қатар қадам басып келеді. 2018 жылдан бері турнир  ISSF Спорттық ату түрлерінен Халықаралық Федерациясының күнтізбелік жоспарына енгізілген.

Бұл жарысқа әлемнің 5 елінен: Ресей Федерациясынан, Өзбекістан, Қырғызстан, Италия және Қазақстан Республикасының Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Қостанай, Қызылорда облыстарынан 200-ден астам спортшы қатысты.

Бұл жарыста Олимпиада ойындарының қатысушылары, Азия ойындары және Әлем мен Азия Чемпионаттары, халықаралық спорттық ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері өз шеберліктерін көрсетті.

Жарысты ұйымдастырушылар мен қолдаушылар:
—       Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлігі
—       Шымкент қаласының әкімдігі
—       Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы
—       «Спорттық ату түрлерінен Қазақстан Федерациясы»  ҚБ

Последние фотографии

Последние видео