Новости

Шымкент қаласында нысана көздеуден «Алтын мерген» халықаралық турнирі өтіп жатыр. Ақпанның 22-сінде басталған жарыс бір аптаға жалғасады.

Шымкент қаласында нысана көздеуден «Алтын мерген» халықаралық турнирі өтіп жатыр. Ақпанның 22-сінде басталған жарыс бір аптаға жалғасады.

Биылғы турнирге Қазақстаннан өзге Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан мен Беларусь Республикасынан 230 таңдаулы мерген жиналды. Олар барлығы 25 жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Қазақстан құрамасы сапында Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған Ислам Сатпаев, Арина Алтухова, Александра Ле, Константин Малиновский мен Никита Чирюкин сынға түсіп жатыр. Бұған қоса Валерий Рахымжан, Зухра Ирназарова, Фатима Ирназарова, Ирина Юнусметова, Елизавета Безрукова, Юрий Юрков, Асадбек Назиркульев сынды жүлде алып жүрген Ұлттық құрама спортшылары бар.

Последние фотографии

Последние видео