Новости

Әсем Орынбай Дохадағы Әлем Кубогының финалында жеңімпаз атанды🔥🥇🇰🇿

Әсем Орынбай Дохадағы Әлем Кубогының финалында жеңімпаз атанды🔥🥇🇰🇿

Әсем Орынбай Қатар мемлекетінің астанасы Дохада өтіп жатқан нысана көздеуден Әлем Кубогының финалында алтын медаль жеңіп алды.

Ұлттық құрама спортшысы стенд атудың скит бағдарламасында ақтық сынға шығып, 51 балл жинады. Кьяра Ди Марциантонио (Италия) 50 нысана дәл көздеп күміс жүлдеге ие болса, қола медаль Дания Джо Виццидің (АҚШ) еншісінде. Бұл сында 3 дүркін Олимпиада чемпионы Кимберли Роуд (АҚШ) жүлдеге бір табан жетпей тоқтады (34 ұпай).

Айта кетейік, кеше Әсем алғашқы іріктеуден кейін 72 ұпаймен көш басына шыққан, ал бүгін 44 балл алып, финалға 6-орынмен (116 ұпай) жолдама алды. Қазақ мергені қазір ISSF рейтингінде 7-орында келе жатыр.
Биылғы маусымда Әсем Орынбай әр жарыста тұрақты өнер көрсетіп, бірнеше рет тұғыр биігіне көтерілді. Атап айтар болсақ, мамырда Алматыда өткен рейтингтік Әлем Кубогында жекелей сында топ жарып, ізін ала әріптесі Эдуард Ещенкомен бірлесіп күміс жүлдегер атанды. Сосын, жазда Лонатодағы (Италия) Әлем Кубогында аралас жұптар арасында (Эдуард Ещенкомен) 3-орын алған.

Халықаралық нысана көздеу федерациясы (ISSF) мұндай финалды араға 4 жыл салып ұйымдастырып отыр. Бәсекеде 42 елден келген 179 үздік мерген бақ сынап жатыр.

#QazOlympics

@turizm_sport_ministrligi
@committee_sport
@ermek_marzhyqpaev
@yerbolmyrzabossynov_official
@azamat_lmashev
@aimukhambet01

Последние фотографии

Последние видео