Новости

СҰРМЕРГЕНДЕРІМІЗ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

СҰРМЕРГЕНДЕРІМІЗ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Стенд атудан Кувейтте өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында трап бағдарламасы бойынша жұптық бәсекеде сынға түскен жерлестеріміз топ жарды🔥

🥇🇰🇿Әлішер Айсалбаев/Мария Дмитренко — 140 ұпай

🥈🇮🇷Мохаммад Бейранванд/Марзиех Парвареш — 137 ұпай

🥉🇨🇳Юхао Гуо/Сяоцзин Ван — 136 ұпай

Айта кетейік, кеше Мария Дмитренко трап бағдарламасы бойынша жеке және командалық сайыста қос қола жүлде иеленген болатын.

Стенд атудан Азия чемпионаты 22 қаңтарға дейін созылады. Биыл 35 елден жиналған 350-ден астам мерген сынға түсіп жатыр. Кувейтте Париж Олимпиадасының 8 лицензиясы сарапқа салынады.

Скит жəне трап бағдарламасында барлығы 18 қазақстандық өнер көрсетеді.

Последние фотографии

Последние видео