Новости

СҰРМЕРГЕН ӘСЕМ ОРЫНБАЙ

СҰРМЕРГЕН ӘСЕМ ОРЫНБАЙ

2023 жылы көпшілікті өзінің мергендігімен қуантқан қарапайым қазақтың спортшысы — Әсем Орынбай.

🏆ЖЕТІСТІКТЕРІ:

🥇🥇🥉🇨🇳Жазғы Азия ойындары

✔️30 жастағы мерген қызымыз Азия ойындарының 5-ші күнінде стенд атудан командалық сайыста Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды сыйлады👏

✔️Биылғы жазғы Азия ойындарында 2 алтын алған бір ғана спортшы💪

📍🥇🥈🇰🇿2023 жыл. Мамыр.

Алматы облысында өткен рейтингтік әлем кубогында Әсем жеке сайыста чемпион атанса, аралас жұптық бәсекеде күміс жүлдеге ие болды.

🔥🥉🇮🇹2023 жыл. Шілде.

Италияның Лонато қаласында ұйымдастырылған әлем кубогының кезеңінде отандасымыз Олимпиада бағдарламасына кіретін аралас жұптық бәсекеде 3-орынға тұрақтады.

📍🥇🇶🇦2023 жыл. Қараша.

Әлемдік рейтингте үздік 12 спортшы ғана қатысқан Доха төріндегі әлем кубогында жерлесіміз Олимпиада чемпионы Кимберли Роуд сынды мықты қарсыластың алдын орап, топ жарды🔥

2023 жылдың қорытындысы бойынша Әсем Орынбай Халықаралық нысана көздеу федерациясының әлемдік рейтингісінде 7-орында тұр 💪

#QazOlympics

@turizm_sport_ministrligi
@committee_sport
@ermek_marzhyqpaev
@yerbolmyrzabossynov_official
@azamat_lmashev
@assemorynbai
@kazshooting

Последние фотографии

Последние видео