Новости

ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ 2 ЛИЦЕНЗИЯСЫ БҰЙЫРДЫ

ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ 2 ЛИЦЕНЗИЯСЫ БҰЙЫРДЫ

Нысана көздеуден 5-18 қаңтар аралығында Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында отандастарымыз 2 жолдама жеңіп алды.

50 метрлік қашықтықтан нысанаға винтовкамен ату сайысында Александра Ле 7-орынға тұрақтап, Париж Олимпиадасына баруға мүмкіндік алды.

Айта кетейік, бұл бағдарламада бұған дейін 2023 жылы Азия чемпионатында Арина Алтухова жолдама алған еді.

Ал 25 метрден жылдам атылатын тапаншамен сынға түскен Никита Чирюкин іріктеу кезеңінде 584 ұпай жинап, финалға өтті. Сонымен қатар жерлесіміз Париж Олимпиадасының да квотасын иеленді.

Осылайша, әзірше нысана көздеуден ел қоржынында Париж Олимпиадасының 5 жолдамасы (Ислам Сатпаев, Арина Алтухова, Константин Малиновский, Александра Ле, Никита Чирюкин) бар.

Айта кетейік, нысана көздеуде лицензия спортшының жеке өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі.

 

Последние фотографии

Последние видео