Новости

НЫСАНА КӨЗДЕУ: АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ КЕЗЕКТІ ОЛЖА

НЫСАНА КӨЗДЕУ: АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ КЕЗЕКТІ ОЛЖА

Нысана көздеуден 4 жылда бір мәрте өтетін Азия чемпионаты биыл Чханвон (Оңтүстік Корея) қаласында ұйымдастырылып жатыр.

🥇🇰🇿50 метр қашықтықтан винтовкамен жатып атудан ерлер сайысында Константин Малиновский екінші мәрте қатарынан қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды.

🥇🇰🇿Ал дәл осы жаттығудан командалық бәсекеде Константин Малиновский, Ислам Сатпаев, Юрий Юрков та топ жарды.

🥈🇰🇿50 метр қашықтықтан винтовкамен жатып атудан әйелдер сайысында Арина Алтухова күміс жүлдеге ие болды.

🥉🇰🇿50 метр қашықтықтан винтовкамен жатып атудан командалық сайыста Қазақстан құрамасы (Арина Алтухова, Александра Ле, Елизавета Безрукова) 3-орынға тұрақтады.

Ересектерден бөлек, жасөспірімдеріміз де жарыс жолына шығып, 🥈3 күміс, 🥉1 қола жүлде алды.

🥈🇰🇿50 метрден винтовкамен жатып атудан ерлер бәсекесі.

Матвей Тимофеев

🥈🇰🇿50 метрден винтовкамен жатып атудан командалық бәсеке.

Матвей Тимофеев
Ерден Базаров
Руслан Загитов

🥈🇰🇿50 метрден винтовкамен 3 түрлі бағыттан нысана көздеуден командалық сайыс.

София Шульженко
Зере Кимбильева
Софья Малкина

🥉🇰🇿50 метрден винтовкамен жатып атудан командалық бәсеке.

София Шульженко
Софья Малкина
Лилия Гилева

Азия біріншілігі 2 қарашаға дейін жалғасады.

Последние фотографии

Последние видео