Новости

НЫСАНА КӨЗДЕУ: АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ 3 ЖҮЛДЕ

НЫСАНА КӨЗДЕУ: АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ 3 ЖҮЛДЕ

5-18 қаңтар күндері аралығында Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында 3 бірдей жүлде бұйырды.

🥇10 метрлік қашықтықтан жылжымалы нысанаға ату сайысында Фатима Ирназарова 567 ұпай жинап, кезекті жарысында чемпион атанды.

🥉Ал ерлер сайысында Илья Зотеев қола жүлде иеленді.

🥉Дәл осы жаттығудан командалық бәсекеде өнер көрсеткен ерлер құрамасы да (Андрей Худяков, Илья Зотеев, Асадбек Назиркульев) жүлдегерлер қатарына кірді.

Әзірше Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 🥇4 алтын, 🥈2 күміс, 🥉5 қола жүлде алды.

Последние фотографии

Последние видео