Новости

МАРИЯ ДМИТРИЕНКО ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ!

МАРИЯ ДМИТРИЕНКО ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ!

Мария Дмитриенко Кувейт астанасында өтіп жатқан стенд атудан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды 🥉🔥🇰🇿

Ұлттық құрама спортшысы трап бағдарламасының финалында 30 ұпай жинап, 3-орынға тұрақтады. Париж Олимпиадасының жолдамасы жеңімпаз атанған Ван Ю Лю (Тайбэй) мен күміс жүлдегер Чжан Синьцюге (Қытай) бұйырды.

Мария сәл ертеректе іріктеуде 117 нысананы дәл көздеп, 1-орынмен ақтық сынға жолдама алған.

Командалық есепте әйелдер құрамасы «трап» жаттығуында қола медальға қол жеткізді, құрама сапында:
МАРИЯ ДМИТРИЕНКО (Шымкент қаласы)
АЙЖАН ДОСМАГАМБЕТОВА (Қызылорда облысы)
АНАСТАСИЯ ПРИЛЕПИНА (Шымкент қаласы)

Стенд атудан сары құрлық чемпионаты 22 қаңтарға дейін созылады.

Құттықтаймыз 🥉🥉🇰🇿🎉!!!

Последние фотографии

Последние видео