Новости

Мария Дмитриенко Кувейт астанасында өтіп жатқан стенд атудан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды 🥉🔥🇰🇿

Мария Дмитриенко Кувейт астанасында өтіп жатқан стенд атудан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды 🥉🔥🇰🇿

Ұлттық құрама спортшысы трап бағдарламасының финалында 30 ұпай жинап, 3-орынға тұрақтады. Париж Олимпиадасының жолдамасы жеңімпаз атанған Ван Ю Лю (Тайбэй) мен күміс жүлдегер Чжан Синьцюге (Қытай) бұйырды.

Мария сәл ертеректе іріктеуде 117 нысананы дәл көздеп, 1-орынмен ақтық сынға жолдама алған.

Еске сала кетейік, Мария Дмитриенко былтыр Даниил Почиваловпен бірге Бакуде өткен әлем чемпионатында жұптық сында (микст) қола медаль жеңіп алған. Содан кейін Ханчжоудағы Азия ойындарында 2 қола жүлдеге (жекелей, командалық) ие болған.

Стенд атудан сары құрлық чемпионаты 22 қаңтарға дейін созылады.

Последние фотографии

Последние видео