Новости

ӘЛЕМ КУБОГЫНДАҒЫ БІРІНШІ ЖҮЛДЕ

ӘЛЕМ КУБОГЫНДАҒЫ БІРІНШІ ЖҮЛДЕ

Оқ атудан Каирде (Египет) өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде 10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен ату сайысында Ирина Юнусметова қола жүлдеге ие болды💪

Жарыс барысында жерлесіміз 2 дүркін әлем чемпионы Силвиа Штейнер (Аустрия), жастар арасында 4 дүркін әлем чемпионы Ризм Сангван сынды мықты қарсыластардан озып кетті🔥

🥇🇬🇷Ани Коракаки — 241.1 ұпай
🥈🇮🇳Деви Анурадха — 239.9 ұпай
🥉🇰🇿Ирина Юнусметова — 219.2 ұпай

Дәл қазіргі сәтте 22 жастағы отандасымыз 2 түрлі бағдарлама бойынша әлемдік рейтингте бар.

🎯10 метрден тапаншамен ату — 31-орын
🎯25 метрден тапаншамен ату — 33-орын

Бұл Ирина үшін әлем кубогындағы алғашқы жүлде емес. Былтыр Индонезия астанасы Джакартада өткен әлем кубогының кезеңінде жерлесіміз 2 мәрте командалық сайыста 3-орын алған еді.

Айта кетейік, Египетте ұйымдастырылып жатқан бәсекеде әлемнің 66 елінен 678 сұрмерген бақ сынауда.

Жарыс 1 ақпанға дейін жалғасады.

Последние фотографии

Последние видео