Новости

Константин Малиновский нысана көздеуден Париж Олимпиадасының жолдамасына иелік етті🇫🇷🔥

Константин Малиновский нысана көздеуден Париж Олимпиадасының жолдамасына иелік етті🇫🇷🔥

Ұлттық құрама спортшысы Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында 50 метрден пневматикалық винтовкамен үш позициядан оқ ату бәсекесінің финалында 5-орыннан көрінді. Оның еншісінде 590 ұпай бар.

Бұл біздің мергендер қол жеткізген үшінші лицензия. Осыған дейін Азия чемпионатында Арина Алтухова, ал жазда әлем чемпионатында алғашқы жолдаманы Ислам Сәтпаев қоржынға салған.

Осы тұста нысана көздеуде лицензия жекелеген спортшыларға емес, Ұлттық федерацияға берілетінін айта кетейік.

Жалпы биылғы сары құрлық чемпионатында Олимпиаданың 24 лицензиясы сарапқа салынып жатыр.

Последние фотографии

Последние видео