Оқ атудан Әлем кубогі 2023 жылдың 27 қаңтары мен 7 ақпаны аралығында Джакарта (Индонезия) қаласында өтті, оған әлемнің 32 елінен 350-ден астам спортшы қатысты.
Оқ атудан Қазақстан Республикасының Штаттық ұлттық құрамасының 15 мүшесі (9 ер адам және 6 әйел) қатысты.
Ел қоржынында 11 медаль (3 алтын, 5 күміс, 3 қола), жарыс қорытындысы бойынша оқ атудан құрама команда жалпы командалық есепте 1-ші орынды иеленді.
Қазақстан құрама командасы келесі нәтижелерді көрсетті:
Алтын медаль жеңіп алды:
Никита Чирюкин “25m rapid fire pistol” жаттығуы.
Арина Алтухова “50m rifle 3 position” жаттығуы.
Командалық есепте әйелдер құрамасы “10m air rifle” жаттығуында, команда сапында: Александра Ле \ Елизавета Безрукова\ Анастасия Григорьева.
Әлем Кубогінің күміс жүлдегерлері:
Константин Малиновский “10m air rifle” жаттығуында.
Командалық есепте ерлер құрамасы “10m air rifle” жаттығуында, команда сапында: Никита Шахторин\ Константин Малиновский \ Ислам Сатпаев .
Командалық есепте ерлер құрамасы “10 air pistol” жаттығуында, команда сапында: Никита Чирюкин\ Рахимжан Валерий \ Лотарев Алексей.
Командалық есепте ерлер құрамасы “50m rifle 3positions ” жаттығуында, команда сапында: Константин Малиновский\ Тимофеев Матвей\ Ислам Сатпаев.
Командалық есепте әйелдер құрамасы “50m rifle 3positions” жаттығуында, команда сапында: Арина Алтухова\ Александра Ле\ Елизавета Безрукова.
Әлем Кубогінің қола жүлдегерлері:
ПП-микс жаттығуы бойынша Қазақстан құрама командасы, құрамында: Ирина Юнусметова және Рахимжан Валерий.
Қазақстан әйелдер құрамасы командалық есепте “25m pistol” жаттығуында, команда сапында: Ирина Юнусметова\ Ольга Аксенова\ Сауле Алимбек.
ВП-микс жаттығуы бойынша Қазақстан құрама командасы, құрамында: Елизавета Безрукова\ Ислам Сатпаев.
Индонезиядағы Әлем Кубогі-бұл ISSF кестесі бойынша спортшының өз рейтингін көтеруге мүмкіндік беретін және Франциядағы 2024 жылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алуға мүмкіндік беретін рейтингтік турнир.
#shootingkazakhstan
#оқатуқазақстан