Новости

Бүгін Шымкент қаласында нысана көздеуден командалық Қазақстан чемпионаты аяқталды.

Бүгін Шымкент қаласында нысана көздеуден командалық Қазақстан чемпионаты аяқталды.

10 метрден тапаншамен оқ атудан аралас жұптық сын (микст):
🥇Шымкент-1 (Ирина Юнусметова мен Никита Чирюкин)
🥈Алматы-2 (Валерий Рахымжан мен Валерия Попелова)
🥉Алматы-1 (Дилара Вахитова мен Эльдар Иманқұлов)

Бір аптаға созылған бәсекеде 7 өңірден келген 100-ден астам мерген өзара 12 жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Жалпы есепте Шымкент қаласының командасы жеңімпаз атанса (7 алтын, 7 күміс, 2 қола), Алматы қаласы 2-орыннан көрінді. Үздік үштікті Астана қаласының спортшылары түйіндеді.

Айта кетейік, бұл бәсекеге Ұлттық құраманың барлық спортшысы қатысты. Бұл қатарда Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған Ислам Сатпаев, Александра Ле, Константин Малиновский, Арина Алтухова мен Никита Чирюкин де бар.

Последние фотографии

Последние видео