Новости

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  СҰРМЕРГЕНДЕР КУВЕЙТТЕ ӨТІП ЖАТҚАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 8 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ!

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  СҰРМЕРГЕНДЕР КУВЕЙТТЕ ӨТІП ЖАТҚАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 8 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ!

Қазақстан құрама командасы 8 медаль жеңіп алды, оның ішінде: 3 алтын, 1 күміс және 4 қола.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 2-орынды иеленді!

Ересектер арасындағы «трап/микс» аралас жаттығуында МАРИЯ ДМИТРИЕНКО (Шымкент қ.) мен АЙСАЛБАЕВ АЛИШЕР (Қызылорда облысы) алтын медальға ие болды.

Жасөспірімдер арасында «скит» жаттығуының командалық есебінде Қазақстан құрама командасы алтын медаль жеңіп алды, команда құрамында:
ПОЧИВАЛОВ МАКСИМ (Шымкент қ.)
ЕНИКЕЕВ РАТМИР (Шымкент қ.)
ПЕНЬКОВ ИЛЬЯ (Қызылорда облысы).

Жасөспірімдер арасында «трап» жаттығуының командалық есебінде Қазақстан құрама командасы алтын медаль жеңіп алды, команда құрамында:
МОИСЕЕВ НИКИТА (Шымкент қ.)
КОНЧЕНКО БОГДАН (Шымкент қ.)
ЧИКУЛАЕВ НИКИТА (Алматы қ.).

Ересектер арасындағы «скит/микс» аралас жаттығуында АСЕМ ОРЫНБАЙ (Алматы облысы ) мен ЭДУАРД ЕЩЕНКО (Алматы облысы) күміс медальға ие болды.

Жекелей есепте әйелдер арасында «трап» жаттығуында МАРИЯ ДМИТРИЕНКО (Шымкент қ.) қола медаль жеңіп алды.

Әйелдер арасында командалық есепте «трап» жаттығуында Қазақстан құрама командасы қола медальға ие болды, құрама сапында:
ДМИТРИЕНКО МАРИЯ (Шымкент қ.)
ПРИЛЕПИНА АНАСТАСИЯ (Шымкент қ.)
ДОСМАГАМБЕТОВА АЙЖАН (Кызылорда облысы).

Жекелей есепте жасөспірімдер арасында «скит» жаттығуында ИЛЬЯ ПЕНКЬКОВ (Қызылорда облысы) қола медаль жеңіп алды.

Әйелдер арасында командалық есепте «скит» жаттығуында Қазақстан құрама командасы қола медальға ие болды, құрама сапында:
ОРЫНБАЙ АСЕМ (Алматы облысы)
КРАВЧЕНКО ЗОЯ (Шымкент қ.)
ПАНАРИНА ОЛЬГА (Шымкент қ.)

Еске салайық, 2024 жылғы 11-23 қаңтарда Әл-Кувейт қаласында (Кувейт) стенд атудан Азия Чемпионаты өз мәресіне жетті, оған Азия контингентінің 35 елінен 350-ден астам спортшы қатысты.

Қазақстан намысын  18 спортшы қорғаған болатын,  олар «трап» және  «скит» жекелей, аралас және командалық сынақтарда өз шеберліктерін көрсеткен болатын.

Құттықтаймыз 🎉🎉🎉🇰🇿!!!

Последние фотографии

Последние видео