Новости

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕНДЕРГЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ҮЙ ТАБЫСТАДЫ!

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕНДЕРГЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ҮЙ ТАБЫСТАДЫ!

Күні кеше рейтингтік Әлем Кубогінің салтанатты ашылу рәсімінде Алматы облысының әкімі Марат Султангазиев стенд атудан үздік спортшыларды марапаттады!

Стенд атудан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының штаттық мүшесі, 2022 жылы Кувейт Гран Приінде – 1 орын, Әлем Кубогі командалық есепте — 3 орын (Азербайджан), Азия Чемпионатында – 1 және 3 орын, Казақстан Республикасының Бірнеше дүркін Чемпионы. Қазақатан Республикасының рекордшысы, Алматы облысының спортшысы Орынбай Асем Маратқызына Гейт-Сити тұрғын үй кешенінен 2 бөлмелі пәтер табысталды.

Стенд атудан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының штаттық мүшесі, 2022 жылы Әлем Кубогі командалық есепте — 3 орын (Азербайджан), Азия Чемпионатында – 1, Казақстан Республикасының Бірнеше дүркін Чемпионы. Жастар арасында Азия рекордшысы, Алматы облысының спортшысы Ещенко Эдуард Андреевич мырзаға Гейт-Сити тұрғын үй кешенінен 2 бөлмелі пәтер табысталды.

Құттықтаймыз 🎉🇰🇿👍!

Айта кетейік,2023 жылғы 20-29 мамыраралығында Алматы облысында (Қазақстан Республикасы) Александр Асанов атындағы ату клубында стенд ату спортынан рейтингтік лицензиялық Әлем Кубогі өтуде.

Жарысқа әлемнің 42 елінен және Азия контингентінен 350-ден астам мықты спортшылар қатысып отыр.

@madeniet_sport_ministrligi
@samruk_kazyna_trust
@sportqory
@kazminerals_official
@bankrbk
@drs_kz
@akimat_almaty
@almatysport2023
@almobl_akimat
@almaty_oblysy_sport
@kazshooting
@issf_official

Последние фотографии

Последние видео