Новости

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕНДЕРДІҢ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСУҒА МҮМКІНДІГІ БАР!

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕНДЕРДІҢ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСУҒА МҮМКІНДІГІ БАР!

«Қазақстан құрама командасының Олимпиада ойындарына қатысуға үлкен мүмкіндігі бар, іс жүзінде қазіргі таңда біз бірде-бір Олимпиада ойындарын құр жібермедік, яғни біздің атқыштарымыз әрдайым төрт жылдық ойындарға қатысады», — деп атап өтті Қазақстандық спорттық ату федерациясының Бас хатшысы Олег Почивалов!

Алматыда Стенд атудан рейтингтік Әлем Кубогіне қатысты баспасөз мәслихаты өтті.

Конференцияға:

— Еуропалық спорттық ату федерациясының президенті — Александр Ратнер,

— Азия ату конфедерациясының бас хатшысы — Дуэйч әл Отайби;

— Африка ату конференциясының президенті — Хазем Хосни Ахмед;

— ISSF Әлем Кубогінің техникалық делегаты — Эмин Джафаров;

— ҚР құрама командасының бас бапкері — Сергей Колос;

— Қазақстандық спорттық ату федерациясының бас хатшысы — Олег Почивалов қатысты.

Спикерлер Алматыда өткізіліп жатқан рейтингтік Әлем Кубогінің маңыздылығын және Қазақстандық федерация тарапынан осындай ауқымды спорттық іс-шараны өткізудің тамаша ұйымын атап өтті!

Қазақстан құрама командасының бас жаттықтырушысы Сергей Колос Қазақстанның ISSF кестесі бойынша рейтингті көтеру бойынша ұпай жинау мүмкіндігі зор екенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 20-29 мамыр аралығында Алматы облысында (Қазақстан Республикасы) Александр Асанов атындағы ату клубында стенд атудан рейтингтік лицензиялық Әлем Кубогі өтуде.

Жарысқа әлемнің 42 елінен 350-ден астам мықты спортшылар қатысуда.

Аталған жарыста ел намысын 20 мықты мергендер қорғауда.

Стенд ату бойынша Әлем Кубогі — бұл ISSF кестесі бойынша өз рейтингін көтеруге мүмкіндік беретін және Франциядағы 2024 жылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алуға мүмкіндік беретін рейтингтік турнир.

@madeniet_sport_ministrligi
@samruk_kazyna_trust
@sportqory
@kazminerals_official
@bankrbk
@drs_kz
@akimat_almaty
@almatysport2023
@almobl_akimat
@almaty_oblysy_sport
@kazshooting
@issf_official

Последние фотографии

Последние видео