Новости

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕНДЕР ӘСЕМ ОРЫНБАЙ МЕН ЭДУАРД ЕЩЕНКО ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВПЕН КЕЗДЕСТІ!

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕНДЕР ӘСЕМ ОРЫНБАЙ МЕН ЭДУАРД ЕЩЕНКО ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВПЕН КЕЗДЕСТІ!

Алматы облысында спортшылар ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлымен кездесті.

— Қазір негізгі күш-жігерді Олимпиада мен Азия ойындарына, сондай-ақ өзге де еуропалық, әлемді деңгейдегі турнирлерге дайындалу үшін жұмсау керек. Қазақстан спорттық держава болуы тиіс. Сол үшін біз маңызды спорт нысандарын салып жатырмыз. Спорттық әлеуетті арттыра беруіміз  керек, — деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Президентпен кездесуге Әлем кубогының чемпионы, стенд атудан Әлем чемпионатының қола жүлдегері, XXXII жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы — Әсем Орынбай және стенд атудан Әлем чемпионатының қола жүлдегері — Эдуард Ещенко шақырылды.

Әсем Орынбай ел президентімен әңгімелесіп, Қасым-Жомарт Кемелұлы спортшыға сәттілік пен табыс тіледі.

Последние фотографии

Последние видео