Новости

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕН ӘСЕМ ОРЫНБАЙ СТЕНД АТУДАН ӘЛЕМ КУБОГІНІҢ ФИНАЛЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ!

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕН ӘСЕМ ОРЫНБАЙ СТЕНД АТУДАН ӘЛЕМ КУБОГІНІҢ ФИНАЛЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ!

Әйелдер арасындағы «скит» жаттығуының ақтық сынында ӘСЕМ ОРЫНБАЙ (Алматы облысы) 116 ұпаймен алтыншы болып финалға шықты.
Финалда отандасымыз алтын медальға ие болды.

Спорттық атудан Әлем Кубогінің Финалы 2023 жылдың қараша айының 18-26 күндері аралығында (Катар) Доха қаласында өтуде.

Жарысқа Қазақстан құрамасынан 3 спортшы шақырылды Әсем Орынбай — стенд ату бойынша, Чирюкин Никита мен Рахим Валерий — оқ ату спорт түрі бойынша.

Жарысқа әлемнің 42 елінен 200-ден астам мықты атқыштар қатысуда.

Құттықтаймыз 🥇🇰🇿🎉!!!

Последние фотографии

Последние видео