Новости

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕН НИКИТА ЧИРЮКИН ИНДОНЕЗИЯДАҒЫ ОҚ АТУДАН ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АЛТЫН МЕДАЛІН ЖЕҢІП АЛДЫ!

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕН НИКИТА ЧИРЮКИН ИНДОНЕЗИЯДАҒЫ ОҚ АТУДАН ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АЛТЫН МЕДАЛІН ЖЕҢІП АЛДЫ!

«Rapid fire Pistol» жаттығуында НИКИТА ЧИРЮКИН 584-ші ұпай нәтижемен финалға жолдама алған болатын, осы нәтижемен олимпиадалық квотаны жеңіп алды, ақтық сайыста спортшы өзінің бірінші позициясын ұстап, алтын медальді жеңіп алды!

НИКИТА ЧИРЮКИН Қазақстан Ұлттық құрамасының штаттық мүшесі, Шымкент қаласының өкілі.

Оқ атудан  құрама команда  Лицензиялық Азия Чемпионатына қатысуда.

Оқ атудан лицензиялық Азия Чемпионаты 2024 жылғы қаңтар айының 05-18 күндері аралығында өтуде, жарысқа Азия құрлығының 29 елінен 400-ден астам спортшы қатысуда.

Негізгі мақсаты мен міндеті Парижде өтетін 33-ші жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға арналған Олимпиадалық квоталарды жеңіп алу.

Қазақстанның құрама командасы 2024 жылдың 13 қаңтарында еліміздің қоржынына 5 Олимпиадалық квота әкелді, олардың иелері: ИСЛАМ САТПАЕВ, АРИНА АЛТУХОВА, КОНСТАНТИН МАЛИНОВСКИЙ, ЛЕ АЛЕКСАНДРА және НИКИТА ЧИРЮКИН!

Құттықтаймыз 🇰🇿🎉!!!

Последние фотографии

Последние видео