Новости

ҚАЗАҚСТАНДА СТЕНД АТУ БОЙЫНША РЕЙТИНГТІК ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ ӘЛЕМ КУБОГІ ӨТЕДІ.

ҚАЗАҚСТАНДА СТЕНД АТУ БОЙЫНША РЕЙТИНГТІК ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ ӘЛЕМ КУБОГІ ӨТЕДІ.

2023 жылғы 20-29 мамыраралығында Алматы облысында (Қазақстан Республикасы) Александр Асанов атындағы ату клубында стенд ату спортынан рейтингтік лицензиялық Әлем Кубогі өтеді.

Жарысқа әлемнің 40 елінен және Азия контингентінен 300-ден астам мықты спортшылар қатысады: Австралия, Австрия, Аргентина, Болгария, Бразилия, Ұлыбритания, Германия, Греция, Грузия, Дания, Египет, Үндістан, Иран, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Қазақстан, Катар, Кипр, Қытай Тайбэй, Кувейт, Ливан, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Пәкістан, Перу, Польша, Пуэрто-Рико, Румыния, Сингапур, Сирия, Словакия, Тайланд, Түркия, Финляндия, Чехия, Чили, Швейцария, Оңтүстік Корея.

Александр Асанов атындағы клуб тәжірибесінде мынадай ірі жарыстар өткізілді: Одақтың жыл сайынғы Ашық Чемпионаты, 2009, 2013, 2015, 2019 жылдардағы Азия чемпионаттары 2014 және 2021 жылдары Әлем Кубогінің (ISSF) кезеңі 2022 жылы X-Азия Чемпионаты және ISSF Гран-приі өтті және оған әлемнің 20 елінен 400-ден астам спортшы қатысты.

Александр Асанов атындағы ату клубында ату спортының барлық бетке ұстар мықтылары жиналуда.

Стенд ату бойынша Әлем Кубогі-бұл спорттық рейтингті ISSF кестесі бойынша көтеруге мүмкіндік беретін және Франциядағы 2024 жылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алуға мүмкіндік беретін рейтингтік турнир.

Бұл іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсетушілер:

—  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі;
—   Бас серіктес — «Самұрық – Қазына» АҚ
—   «Sport Qory» қолдау қоры
—   KAZ Minerals Тобы
—   RBK Банкі
—   Спортты дамыту дирекциясы
—   Алматы қаласы және Алматы облысы әкімдіктері;
—   Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы;
—   «Olympic» аңшылық және балық аулау дүкені
—   «Қазақстандық спорттық ату федерациясы» ҚБ

Последние фотографии

Последние видео