Новости

ҚАЗАҚСТАНДА СТЕНД АТУ БОЙЫНША РЕЙТИНГТІК ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ ӘЛЕМ КУБОГІ БАСТАЛДЫ.

ҚАЗАҚСТАНДА СТЕНД АТУ БОЙЫНША РЕЙТИНГТІК ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ ӘЛЕМ КУБОГІ БАСТАЛДЫ.

2023 жылғы 20-29 мамыраралығында Алматы облысында (Қазақстан Республикасы) Александр Асанов атындағы ату клубында стенд ату спортынан рейтингтік лицензиялық Әлем Кубогі басталды.

Жарыстың мақсаттары мен міндеттері: Қазақстан Республикасында және одантысқары жерлерде ату спортын насихаттау, спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, спортшылардың рейтингін анықтау, жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру.

Жарысқа әлемнің 42 елінен және Азия контингентінен 350-ден астам мықты спортшылар қатысады: Австралия, Австрия, Аргентина, Әзірбайжан, Болгария, Бразилия, Венгрия, Ұлыбритания, Германия, Греция, Грузия, Дания, Египет, Үндістан, Иран, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Қазақстан, Катар, Кипр, Қытай Тайбэй, Сауд Арабиясы Корольдігі, Кувейт, Ливан, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Пәкістан, Перу, Польша, Пуэрто-Рико, Румыния, Сан-Марино, Словакия, Тайланд, Түркия, Финляндия, Чехия, Чили, Швейцария, Оңтүстік Корея.

Последние фотографии

Последние видео