Новости

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды 🥉😍🇰🇿

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды 🥉😍🇰🇿

Бүгін Әзербайжан астанасында өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті.

🇰🇿 Стенд атудың трап бағдарламадасында Мария Дмитриенко мен Даниил Почивалов жұбы аралас командалық сында қола жүлдегер атанды. Олар 150 нысананың 141-ін дәл көздеді.

Бас жүлдені тең түскен Португалия мен АҚШ құрамасы сарапқа салып жатыр.

Осы сында сапында Әлішер Айсалбаев пен Айжан Досмағамбетова бар еліміздің тағы бір құрамасы 21-орынға тұрақтады. Барлығы 46 құрама жүлдеге таласты.

Айта кетейік, осымен стенд атудан жарыстар аяқталды. Алдағы күндері жылжымалы нысана көздеуден үздіктер анықталады. Әлем чемпионаты 1 қыркүйекте мәресіне жетеді.

Последние фотографии

Последние видео