Новости

АТУ СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША СПОРТТЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫ ШЫМКЕНТТЕ XIX-ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА (ҚЫТАЙ) САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ШЫҒАРЫП САЛУДА.

АТУ СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША СПОРТТЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫ ШЫМКЕНТТЕ XIX-ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА (ҚЫТАЙ) САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ШЫҒАРЫП САЛУДА.

Қазақстандық спорттық ату федерациясының президенті Б. Н. Асылов спортшыларды осы айтулы күнмен құттықтады.
— «Кез-келген жарыс — сынақ, онда нағыз БАТЫР даңққа ие болады! Сіздер осындай жоғары деңгейде еліміздің атын таныту құрметіне ие болдыңыздар! Алматыда өткен Әлем Кубогінде өнер көрсете отырып, Сіздер әлемнің 42 елі арасында жалпыкомандалық есепте 1 орын алып, Қазақстанның намысын спорттық Олимп шыңына көтеріп, үздік екеніңізді лайықты дәлелдедіңіздер. Алға ұмтылып, жаңа спорттық көкжиектерді бағындыра берулеріңізге тілектеспін.
Ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу, көшбасшы болуды тілеймін.Сіздерге әрқашан Сәттілік құсы және Жеңістің жалауы серік болсын!»- деп атап өтті Б. Ноғайұлы.

Естеріңізге сала кетейік, XIX Жазғы Азия ойындары 2023 жылдың 23 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді, Ойындарға Азия Олимпиадалық кеңесіне кіретін барлық 45 елдің спортшылары қатысады, жарыстар 61 тәртіпті қамтитын 40 спорт түрінен өтеді.

Ату спорт түрлері бойынша Қазақстанның намысын 33 мықты мерген қорғайды: нысана көздеу бойынша 21 спортшы; стенд атудан 12 спортшы.

Сәттілік тілейміз 🇰🇿🎉 !

Последние фотографии

Последние видео