Новости

Алматыда стенд атудан Әлем Кубогі жалғасуда.

Алматыда стенд атудан Әлем Кубогі жалғасуда.

2023 жылғы 20-29 мамыраралығында Алматы облысында (Қазақстан Республикасы) Александр Асанов атындағы ату клубында стенд ату спортынан рейтингтік лицензиялық Әлем Кубогі өтуде.

Жарысқа әлемнің 42 елінен және Азия контингентінен 350-ден астам мықты спортшылар қатысуда: Австралия, Австрия, Аргентина, Әзірбайжан, Болгария, Бразилия, Венгрия, Ұлыбритания, Германия, Греция, Грузия, Дания, Египет, Үндістан, Иран, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Қазақстан, Катар, Кипр, Қытай Тайбэй, Сауд Арабиясы Корольдігі, Кувейт, Ливан, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Пәкістан, Перу, Польша, Пуэрто-Рико, Румыния, Сан-Марино, Словакия, Тайланд, Түркия, Финляндия, Чехия, Чили, Швейцария, Оңтүстік Корея.

Александр Асанов атындағы ату клубында ату спортының барлық бетке ұстар мықтылары жиналды.

Стенд ату бойынша Әлем Кубогі-бұл спорттық рейтингті ISSF кестесі бойынша көтеруге мүмкіндік беретін және Франциядағы 2024 жылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алуға мүмкіндік беретін рейтингтік турнир.

Бұл іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсетушілер:

—  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі;
—   Бас серіктес — «Самұрық – Қазына» АҚ
—   «Sport Qory» қолдау қоры
—   KAZ Minerals Тобы
—   RBK Банкі
—   Спортты дамыту дирекциясы
—   Алматы қаласы және Алматы облысы әкімдіктері;
—   Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы;
—   «Olympic» аңшылық және балық аулау дүкені
—   «Қазақстандық спорттық ату федерациясы» ҚБ

@madeniet_sport_ministrligi
@samruk_kazyna_trust
@sportqory
@kazminerals_official
@bankrbk
@drs_kz
@akimat_almaty
@almatysport2023
@almobl_akimat
@almaty_oblysy_sport
@kazshooting
@issf_official

Последние фотографии

Последние видео