Новости

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕН ДИАНА САБЕКОВА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ (ОҢТҮСТІК КОРЕЯ)!

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕН ДИАНА САБЕКОВА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ (ОҢТҮСТІК КОРЕЯ)!

Жасөспірімдер арасындағы «скит» жаттығуының ақтық сынында отандасымыз ДИАНА САБЕКОВА(Шымкент қаласының өкілі) алтын медальға қол жеткізді, Үндістан өкілі күміс медаль жеңіп алса, Қытай өкіліне қола жүлдеге ие болды!

Стенд атудан Қазақстан құрама командасы үшін бұл 3 медаль, бұған дейін командалық есепте 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 22 қазан мен 2 қараша аралығында Чангвон қаласында (Корея) спорттық атудан Лицензиялық Азия чемпионаты басталды, жарысқа азиялық контингенттің 30 елінен 800-ден астам спортшы қатысуда.

Азия чемпионатында 24 олимпиадалық лицензия ойналады.

Спорттық атудан Қазақстан құрамасын 80 мықты спортшы қорғауда.

Құттықтаймыз 🥇 🥈🥉🇰🇿🎉!!!

Последние фотографии

Последние видео