Бүгін Әзербайжан астанасында өтіп жатқан нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы 2 медаль жеңіп алды.
Ауыспалы ритммен 10 метрден жылжымалы нысана көздеуде бас жүлде үшін талас соңғы сәтке дейін жүрді. Негізгі кезеңде 378 ұпаймен тең түскен Зухра Ирназарова мен Александра Садуакасова екеуара алтынды сарапқа салды. Мұнда Александра мергендік танытып (19-13), чемпион атанды.
Кешегі сында Зухра алтын, Александра күміс жүлдеге ие болған.
Қазір Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлдемен жалпы есепте 9-орынға көтерілді. Бірнеше күн бұрын стенд атудың трап бағдарламадасында Мария Дмитриенко мен Даниил Почивалов (микст) үздік үштікті түйіндеген. Бакудағы бәсеке 1 қыркүйекте мәресіне жетеді.