Стенд атудан қазақстандық Әсем Орынбай 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды.
Ол Катарда өтіп жатқан 2026 жылғы лицензиялық әлем чемпионатында үздік бестікке еніп, Олимпиада жолдамасына қол жеткізді.
Әсем Орынбай бұған дейін 2020 және 2024 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан. Оның ең үздік нәтижесі – 12-орын.
Спортшы – 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы және Азия чемпионы. Биылғы Азия ойындарында да қола медаль жеңіп алды.