ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ВЛАДИМИР ПОЧИВАЛОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН СПОРТТЫҚ АТУДАН 35-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ISSF ГРАН-ПРИ ТУРНИРІНІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ!
2026 жылғы 18–28 қазан аралығында Шымкент қаласындағы «Shymkent Shooting Plaza» ату кешенінде КСРО спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған нысана көздеу және стенд ату бойынша 35-ші Гран-при халықаралық турнирі (ISSF) өтеді. Сонымен қатар стенд атудан Қазақстан Республикасы Кубогінің финалы қатар өткізілуде.
Жарысқа 13 елден 250 спортшы қатысуда, олар: Болгария, Біріккен Араб Әмірліктері, Грузия, Израиль, Жеке бейтарап спортшылар, Индонезия, Италия, Қазақстан, Қатар, Кувейт, Қырғызстан, Сингапур және Өзбекстан өкілдері.
ISSF Гран-при турнирі Халықаралық спорттық ату федерациясының (ISSF) рейтингтік жарысы болып табылады. Турнир спортшыларға халықаралық рейтингтегі ұпайларын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл рейтинг 2028 жылы Америка Құрама Штаттарында өтетін XXXIV жазғы Олимпиада ойындарына рейтинг арқылы квота алуға ықпал етеді.
2018 жылдан бастап аталған турнир Халықаралық спорттық ату федерациясының (ISSF) спорттық іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген.
Турнир барысында Азия ойындарының, Азия чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ Әлем кубогі кезеңдері мен Әлем чемпионатының жүлдегерлері өз шеберліктерін көрсетеді.
Құттықтаймыз 🇰🇿🇰🇿🇰🇿🎉!!!
БАС СЕРІКТЕС — «Самұрық-Қазына» АҚ: @samrukkazyna_official
Спортты қолдау қоры — «Sport Qory»: @sportqory