Новости

Нысана көздеуден аруларымыз командалық сында ТОП-10-ға кірді💥

Нысана көздеуден аруларымыз командалық сында ТОП-10-ға кірді💥

ХХ жазғы Азия ойындарында аралас командалық сайыста жылдам атылатын тапаншамен 25 метрден нысана көздеуден іріктеу кезеңі мәресіне жетті.

Қазақстанның әйелдер командасы командалық есепте 1703 ұпай көрсеткішімен 9-орын алды. Бас жүлде Қытайға бұйырса, үздік үштікке Оңтүстік Корея мен Тайпей кірді.

Ал жекелей сында Валерия Попелова 575 ұпаймен 18-орын, Нина Старова 566 ұпаймен 37-орын және Сәуле Әлімбек 562 ұпаймен 40-орынға тұрақтады. Отандастарымыздың көрсеткіші олардың финалға өтуіне мүмкіндік бермеді.

Жалпы XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.

.

Стрельба: женская сборная Казахстана вошла в ТОП-10 в командном зачёте 💥🇰🇿

На XX летних Азиатских играх завершился квалификационный этап в смешанных командных соревнованиях по стрельбе из скорострельного пистолета с дистанции 25 метров.

Женская сборная Казахстана в командном зачёте набрала 1703 очка и заняла 9-е место. Победу одержала сборная Китая, в тройку лучших также вошли представители Южной Кореи и Китайского Тайбэя.

В индивидуальном зачёте Валерия Попелова с результатом 575 очков заняла 18-е место, Нина Старова — 37-е место (566 очков), Сауле Алимбек — 40-е место (562 очка). Показанные результаты не позволили казахстанским спортсменкам выйти в финал.

📸Сали Сабиров

XX летние Азиатские игры продлятся до 4 октября. В составе национальной сборной Казахстана выступают 558 спортсменов, которые борются за медали в 35 видах спорта.

Последние фотографии

Последние видео