ПАРА НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ ҚОЛАСЫ!
Чханвон қаласында (Корея Республикасы) 2026 жылғы 7–16 қыркүйек аралығында Changwon 2026 WSPS World Championships пара нысана көздеуден әлем чемпионаты өтуде.
Қазақстан құрамасы R1 жаттығуы бойынша командалық есепте қола медаль жеңіп алды.
Команда құрамына Еркин Габбасов, Ардак Оторбаев және Арсен Муратов кірді.
Бұл жүлде Қазақстан тарихындағы пара нысана көздеуден әлем чемпионаттарындағы алғашқы медаль атанды. Бұл отандық параспорт үшін елеулі жетістік болып табылады.
Еркин Габбасовтың өнерін ерекше атап өткен жөн. Ол біліктілік кезеңінен сәтті өтіп, R1 жаттығуы бойынша финалға жолдама алды және шешуші серия қорытындысы бойынша 6-орын иеленді.
Спортшыларды, жаттықтырушылар құрамын және бүкіл команданы тарихи нәтижемен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта жеңістер, тұрақты нәтижелер және жаңа халықаралық жетістіктер тілейміз🇰🇿🥉🎉🎉🎉!!!