ШЫМКЕНТТЕ СТЕНД АТУДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ!
2026 жылғы 31 тамыз — мен 6 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында «Shooting Plaza» ату кешені базасында стенд атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты бастау алды.
Жарысқа еліміздің жеті өңірінен 120-дан астам спортшы қатысуда. Чемпионатта Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, сондай-ақ Алматы, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Жетісу облысының командалары бақ сынауда.
Чемпионатқа қатысушылар қатарында ірі халықаралық жарыстарда үлкен жетістіктер көрсеткен тәжірибесі бар Қазақстан Республикасының жетекші спортшылары қатысуда. Олардың арасында әлем чемпионаттарының, әлем кубогының, Азия чемпионаттарының, Азия ойындарының жүлдегерлері, сондай-ақ Олимпиада ойындарына қатысушылар бар.
Қазақстан Республикасының чемпионаты стенд ату бойынша ұлттық күнтізбенің маңызды жарыстарының бірі болып табылады. Жарыс аясында спортшылар өздерінің спорттық және техникалық дайындық деңгейін көрсетіп, тиісті жаттығулар бойынша мықтыларды анықтайды.
Чемпионатты өткізу спортшылардың спорттық шеберлігін арттыруға, бәсекелестік ортаны дамытуға, өңірлік құрама командаларды нығайтуға және Қазақстан Республикасында стенд ату спорт түрін одан әрі дамытуға бағытталған.
Турнирдің еліміздің жетекші спортшыларын алдағы Азия ойындарына дайындау жағынан да маңызы ерекше. Атақты мергендер мен жас спортшылардың қатысуы қажетті жарыс практикасын қамтамасыз етуге және қатысушылардың ағымдағы дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.
Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Чемпионатын өткізу тұрғындар арасында стенд атуды дәріптеуге, жастарды спортпен шұғылдануға тартуға және ату спорты түрлерін дамыту үшін маңызды алаңдардың бірі ретінде өңірдің мәртебесін нығайтуға ықпал етеді.
Спортшыларымызға сәттілік 🇰🇿🥇🥈🥉!!!