ШЫМКЕНТТІК МЕРГЕНДЕР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖАРҚЫН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ!
📍 2026 жылғы 20–26 шілде аралығында Эстонияның Таллин қаласында нысана көздеуден (қозғалмалы нысана) ISSF Әлем чемпионаты өтті.
🌍 Әлем біріншілігінде 17 елден 85 спортшы бақ сынап, үздіктер анықталды.
🇰🇿 Қазақстан ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте әлемнің 17 мемлекеті арасында ІІ орынды иеленді.
Шымкент қаласының спортшылары ел қоржынына маңызды жүлделер салды:
🏆 Зухра Ирназарова (Шымкент)
🥇 Әлем чемпионы – 10 м Moving Target Women
🏅 Жасөспірімдер арасындағы әлем рекорды – 573 ұпай
🥉 Әлем чемпионатының қола жүлдегері – 10 м Moving Target Women
🏆 Фатима Ирназарова (Шымкент)
🥇 Әлем чемпионы – 10 м Moving Target Women
🏆 Валат Мусаев (Шымкент)
🥇 Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы – 10 м Moving Target Mixed Men Junior
🏆 Зухра Ирназарова (Шымкент) және Асадбек Назиркульев (Шымкент)
🥈 Күміс жүлдегерлер – 10 м Moving Target Mixed Team
🏆 Еңлік Асқар (Шымкент)
🥈 Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері – 10 м Moving Target Women Junior
👏 Бұл – спортшылардың табанды еңбегі мен жаттықтырушылардың кәсіби жұмысының жарқын жемісі.
💐 Әлемдік аренада Қазақстанның абыройын асқақтатқан спортшыларымызды және олардың бапкерлерін тарихи жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!