Эстония астанасы Таллинде өтіп жатқан жылжымалы нысанаға оқ атудан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алды.
10 метр қашықтықтағы жылжымалы нысанаға оқ атудан Фатима Ирназарова әлем чемпионы атанды. Ал Зухра Ирназарова қола жүлдеге ие болды.
Финалда Фатима Ирназарова Украина өкілі Виктория Рыбовалованы 6:2 есебімен жеңіп, алтын медальді еншіледі. Ал қола жүлде үшін өткен кездесуде Зухра Ирназарова Мажарстан спортшысы Бианка Барбара Фаркашне Кецелиді 6:4 есебімен ұтты.
Айта кетейік, іріктеу кезеңінде Зухра Ирназарова 573 ұпай жинап, жасөспірімдер арасындағы жаңа әлем рекордын орнатты.
Әлем чемпионаты 20-26 шілде аралығында өтуде. Дүбірлі додаға 17 елден 100-ге жуық мерген қатысуда.