НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕН ЖАҚИЯ АСЫЛЫМ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ!
Қыздар арасындағы «25m standard pistol» жаттығуы бойынша жеке сында 554 ұпаймен Астана қаласының өкілі ЖАҚИЯ АСЫЛЫМ алтын медаль иеленді!
2026 жылғы 24 маусымда спорттық атудан Қазақстан құрама командасы 3 медаль жеңіп алды, оның ішінде: 2 алтын, 1 күміс.
Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы 16–26 маусым аралығында Германияның Зуль қаласында спорттық атудан Әлем чемпионаты өтуде. Дүниежүзінің 63 елінен 778 спортшы қатысып жатқан байрақты бәсекеде Қазақстан намысын еліміздің 26 үздік мергені қорғауда (13 спортшы — стенд ату спорт түрінен, 13 спортшы — нысана көздеу спорт түрінен).
Әлем біріншілігінің жүлделері жеке және командалық бағдарламалар бойынша сарапқа салынады.
Спортшыларды, жаттықтырушылар штабын және Қазақстанның бүкіл спорт қауымдастығын осы айтулы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақстанның көк Туы әрдайым биікте желбірей берсін! 🇰🇿🏆🥇🎉
_______________________________________
КАЗАХСТАНСКИЙ СТРЕЛОК — ЖАКИЯ АСЫЛЫМ ЧЕМПИОНКА МИРА СРЕДИ ЮНИОРОВ ПО ПУЛЕВОЙ СТРЕЛЬБЕ!
В личном зачете упражнения «25m standard pistol» в категории среди девушек ЖАКИЯ АСЫЛЫМ (г.Астана) с результатом 554 очка завоевала золотую медаль!
На 24 июня 2026 года сборная команда Казахстана по спортивной стрельбе принесла в копилка 3 медали, из них: 2 золото, 1 серебро.
Напомним, с 16 по 26 июня 2026 года в г.Зуль(Германия) стартовал Чемпионат мира по спортивной стрельбе, принимают участие 778 спортсменов из 63 стран мира, а честь нашей страны защищают 26 сильнейших стрелков Казахстана (13 спортсменов по по пулевой стрельбе, 13 спортсменов по стендовой стрельбе).
От всей души поздравляем спортсменок, тренерский штаб и всю спортивную общественность Казахстана с этим выдающимся успехом!
Желаем новых побед, высоких достижений и дальнейшего прославления нашей страны на мировых аренах!
Қазақстанның көк Туы әрдайым биікте желбірей берсін! 🇰🇿🏆🥇🎉