Әсем Орынбайдың алтын оғы!
Стенд атудан рейтингілік Әлем кубогы аясында, қазіргі күндері Александр Асанов атындағы ату клубының базасында өтіп жатқан жарыста Алматы облысының дарынды спортшысы Әсем Орынбай өңір меценаттары — АЗС Compass компаниясы тарапынан жаңа Li Auto (Lixiang) маркалы автокөліктің кілтін алды. Салтанатты марапаттау рәсімі Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен өтті.
Әсемнің жоғары жетістігі бүкіл өңір үшін үлкен мақтанышқа айналды. Спортшының басты табысы — әйелдер арасындағы «скит» бағдарламасында алтын медаль иеленуі. Финалда Әсем Орынбай 33 нысананы дәл атып, бірінші орынды жеңіп қана қоймай, әлем рекордын қайталады.
Іріктеу кезеңінде 118 ұпай жинаған спортшы финалға жетінші орынмен шыққанымен, шешуші сында мінсіз дәлдік көрсетіп, әлемнің ең мықты спортшыларын артта қалдырды.
Автокөлікті табыстау рәсімінде чемпионға жылы лебіздер айтылды. Спорт қауымдастығы өкілдері мен меценаттар Әсем Орынбайдың жеңісі — көп жылғы еңбектің, тәртіптің және спортқа адалдықтың нәтижесі екенін атап өтті.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Әсемнің жетістіктері жас ұрпаққа үлгі болып, отансүйгіштік пен мақсатқа ұмтылудың жарқын мысалы екенін айтты. Сон
https://www.instagram.com/reel/DYHVIsYIzVz/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==