БІЗДІҢ АЛТЫН МЕРГЕН ҚЫЗЫМЫЗ!
ӘСЕМ ОРЫНБАЙ ӨЗІНЕ ТЕҢ КЕЛЕР ЕШКІМ ЖОҚ ЕКЕНІН ДӘЛЕЛДЕП, АЛТЫН ЖҮЛДЕНІ ҚАНЖЫҒАСЫНА БАЙЛАДЫ!
Жарыстың алғашқы күнінде әйелдер арасында «скит» жаттығуының финалында АСЕМ ОРЫНБАЙ алтын медаль жеңіп алды!
36 МҮМКІНДІКТІҢ 33-ін ДӘЛ КӨЗДЕП, ӘЛЕМДІК ЖАҢА РЕКОРД ОРНАТТЫ!
Күміс медальді Қытай өкілі Жианг Итинг жеңіп алды!
Қола медальді Италия өкілі Мартина Бартоломей жеңіп алды!
Бұған дейін, 2023 жылы Әсем Орынбай жарыстың алғашқы күнінде алтын медаль жеңіп алған болатын!
🥇🥈🥉🇰🇿 Құттықтаймыз!!!
2026 жылғы 02-11 мамырда Алматы облысында (Қазақстан Республикасы) Александр Асанов атындағы атыс клубында стенд атудан Әлем кубогі басталды.
Жарысқа әлемнің 42 елінің ресми тұлғаларымен бірге 550 қатысушы қатысуда.
Стенд атудан Әлем кубогі Халықаралық спорттық атыс федерациясының (ISSF) кестесі бойынша өз рейтингін көтеруге мүмкіндік беретін және 2028 жылы Америка Құрама Штаттарында өтетін XXXIV жазғы Олимпиада ойындарына қатысу рейтингі бойынша квота алуға мүмкіндік беретін рейтингтік турнир болып табылады.
https://www.instagram.com/reel/DYBgSozIsxl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==