2025 жылғы 28 қазан мен 02 қараша аралығында Шымкент қаласында КСРО Спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған Стенд атудан ХХХIV Гран-при халықаралық турнирі өтетін болады. Стенд атудан Қазақстан Республикасы Кубогінің Финалы қатар өтті.
Жарыстардың мақсаты: Қазақстан Республикасында ату спортын танымал ету, спортшылардың спорттық шеберлігін шыңдау және олардың рейтингін анықтау, спортшыларды республикалық және халықаралық жарыстарға дайындау, жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру болып табылады.
Республикамыздың ату спортының даму тарихында бұл турнир 34-ші рет өткізіліп, еліміздің Тәуелсіздігімен қатар қадам басып келеді.
2018 жылдан бері турнир ISSF Спорттық ату түрлерінен Халықаралық Федерациясының күнтізбелік жоспарына енгізілген.
Бұл жарысқа әлемнің 3 елінен: Италия, Қырғызстан, және Қазақстан Республикасының Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Түркістан, Атырау, Жетісу және Қызылорда облыстарынан 100-ден астам спортшы қатысты.
Шара келесі серіктестердің қолдауымен ұйымдастырылды:
✔️Бас серіктес — «Самұрык-Қазына ҰӘҚ» АҚ @samrukkazyna_official;
✔️Серіктес — «Sport Qory» спортты қолдау қоры @sportqory;
Ұйымдастырушы:
«Қазақстандық спорттық ату федерациясы» ҚБ @kazshooting
https://www.instagram.com/reel/DQs8-hhiBh1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==