Новости

2023 жылғы 20-26 наурыз аралығында Шымкент қаласы «Shymkent Shooting Plaza»

2023 жылғы 20-26 наурыз аралығында Шымкент қаласы «Shymkent Shooting Plaza» спорттық кешенінде cтенд атудан Қазақстан Республикасы Кубогының  I-ші Кезеңі мен Шымкент  қаласының  кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің ашық турнирі өткізілуде.

Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сонымен қатар Алматы, Қызылорда, Павлодар облыстарынан 100-ден астам спортшылар қатысуда.

Жарыстың мақсаты:

— Қазақстан Республикасында Стенд ату спортын танымал ету, спортшылардың спорттық шеберлігін шыңдау мен спортшылардың рейтингін анықтау, оларды алдағы республикалық және халықаралық жарыстарға дайындау болып табылады.

Бұл жарыста Азия ойындары, Азия Чемпионаттары мен халықаралық спорттық ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері өз шеберліктерін көрсетуде.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі 21 наурыз «Shymkent Shooting Plaza»  ату алаңында өтті.

Жарысты ұйымдастыруға қолдау көрсеткендер:

-Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі;

-Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы;

— Бас серіктес — «Самұрық-Қазына» АҚ

— «Sport Qory» қолдау қоры

— «Спорттық ату түрлерінен Қазақстан Федерациясы» ҚБ;

Последние фотографии

Последние видео