Әсем Орынбай Дохада өтіп жатқан стенд атудан әлем чемпионатының финалына шықты
Қазақстан құрамасының өкілі Әсем Орынбай Катар астанасы Дохада өтіп жатқан стенд атудан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, әйелдер арасындағы скит сайысының финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Іріктеудің қорытындысы бойынша Әсем Орынбай 125 мүмкіндіктің 121-ін дәл орындап, төртінші орыннан көрінді. Осылайша, қазақстандық спортшы әлем чемпионатының үздік сегіздігіне енді.
Аталған сайыста Қазақстан намысын Зоя Пискун мен Ольга Хайлова да қорғады. Зоя Пискун 117 ұпай, ал Ольга Хайлова 101 ұпай жинады. Алайда қос спортшы да үздік сегіздікке еніп, финалға өте алмады.
Әсем Орынбай — стенд атудан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі. Оның еншісінде 2022 жылғы әлем біріншілігінің командалық сындағы қола жүлдесі, сондай-ақ Алматыда өткен әлем Кубогы кезеңінің алтын медалі бар.
Әйелдер арасындағы скит сайысының финалы бүгін, 6 қараша күні Астана уақытымен сағат 15:30-да басталады.
•
Асем Орынбай вышла в финал чемпионата мира по стендовой стрельбе в Дохе
Представительница сборной Казахстана Асем Орынбай успешно преодолела квалификационный этап чемпионата мира по стендовой стрельбе, который проходит в Дохе (Катар), и вышла в финал женского скита, сообщает пресс-служба Дирекции развития спорта Министерства туризма и спорта РК.
По итогам квалификации Асем Орынбай набрала 121 очко из 125 возможных и заняла четвертое место, войдя в восьмёрку сильнейших спортсменок мирового первенства.
В этой дисциплине Казахстан также представили Зоя Пискун и Ольга Хайлова. Зоя Пискун набрала 117 очков, Ольга Хайлова — 101 очко. Обе спортсменки не смогли пробиться в финальную восьмёрку.
Асем Орынбай является одной из ведущих представительниц казахстанской школы стендовой стрельбы. В её активе — бронзовая медаль чемпионата мира 2022 года в командном зачёте, а также золотая медаль этапа Кубка мира, который прошёл в Алматы. Победа на домашнем этапе стала одним из значимых достижений спортсменки на международной арене.
Финал женского скита состоится сегодня, 6 ноября, в 15:30 по времени Астаны.