Новости

Лос-Анджелес Олимпиадасы: Катарда нысана көздеуден лицензиялық әлем чемпионаты басталды

Лос-Анджелес Олимпиадасы: Катарда нысана көздеуден лицензиялық әлем чемпионаты басталды

Катар астанасы Доха қаласында нысана көздеу мен стенд атудан ISSF әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Байрақты бәсеке 14 қарашаға дейін жалғасады.

Аталған әлем чемпионаты Лос-Анджелес қаласында өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама үлестірілетін алғашқы іріктеу кезеңі саналады. Жарыс барысында 12 жекелей сындағы дисциплина бойынша жалпы саны 36 олимпиадалық лицензия сарапқа салынады. Әр дисциплинада үш жолдама беріледі.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында нысана көздеу және стенд ату бойынша өнер көрсетеді. Винтовка және тапаншамен нысана көздеуде ел намысын 16 спортшы қорғайды. Ал стенд атудан Қазақстан атынан «скит» және «трап» жаттығуларына қатысатын тағы 6 мерген сынға түседі.

Ертең, 3 қарашада, отандастарымыз әлем чемпионатындағы жүлделер үшін күресті бастайды. Жарыстың алғашқы күні әйелдер мен ерлер арасында 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкамен ату сайысының финалдары өтеді.

•

Олимпийские игры-2028: в Катаре стартовал лицензионный чемпионат мира по стрельбе🇶🇦

В Дохе (Катар) стартовал чемпионат мира ISSF по пулевой и стендовой стрельбе, который продлится до 14 ноября, сообщает пресс-служба Дирекции развития спорта Министерства туризма и спорта РК.

Мировое первенство станет первым квалификационным этапом в стрелковом спорте на пути к Олимпийским играм 2028 года в Лос-Анджелесе. В рамках чемпионата будут разыграны 36 олимпийских квот в 12 индивидуальных дисциплинах — по три квоты в каждой.

Казахстан на чемпионате представят спортсмены в двух направлениях — пулевой и стендовой стрельбе. В состав команды по пулевой стрельбе вошли 16 спортсменов, выступающих в дисциплинах «винтовка» и «пистолет». В стендовой стрельбе страну представят ещё 6 спортсменов, которые будут соревноваться в дисциплинах «скит» и «трап».

Уже завтра, 3 ноября, казахстанские спортсмены начнут борьбу за медали чемпионата мира. В первый соревновательный день состоятся финалы в стрельбе из пневматической винтовки на дистанции 10 метров среди женщин и мужчин.

Последние фотографии

Последние видео