Новости

Стенд атудан әлем чемпиондары елге оралды

Стенд атудан әлем чемпиондары елге оралды

Стенд атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізген Қазақстан құрамасының спортшылары елге оралды.

Алматы халықаралық әуежайында әлем чемпиондарын Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің және Nº5 МКБЖСТМ ұжымы, жаттықтырушылар мен спортшылар салтанатты түрде қарсы алды.

Еске сала кетейік, Германияның Зуль қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қыздар арасындағы командалық «трап» жаттығуында алтын медаль жеңіп алып, әлем чемпионы атанды. Жеңімпаздар қатарында Алматы қаласының спортшылары Элеонора Ибрагимова мен Мария Горун бар.

Сонымен қатар, Элеонора Ибрагимова жеке есепте күміс жүлдеге ие болып, әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері атанды.

Бұл жетістік – қазақстандық стенд ату спортының халықаралық аренадағы жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп, ел спортының абыройын асқақтатқан маңызды жеңіс.

Состоялась торжественная встреча чемпионов мира по стендовой стрельбе

Сегодня в Международном аэропорту Алматы торжественно встретили спортсменов сборной Казахстана, добившиеся исторического успеха на чемпионате мира по стендовой стрельбе среди юниоров.

Напомним, на чемпионате мира, прошедшем в городе Зуль (Германия) , женская сборная Казахстана завоевала золотые медали в командном упражнении «трап» . В составе победной команды выступили спортсменки города Алматы Элеонора Ибрагимова и Мария Горун.

Кроме того, Элеонора Ибрагимова стала серебряным призёром мирового первенства в личном зачёте, пополнив свою коллекцию наград ещё одной медалью чемпионата мира.

Этот мировой успех казахстанских спортсменок стал достойным вкладом в спортивную историю страны.

https://www.instagram.com/reel/DaHkYHhqSQo/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Последние фотографии

Последние видео