Стенд атудан Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты.
🇰🇿 Асылым Жақия 25 метр қашықтықтан стандартты шағын калибрлі тапаншамен атудан 554 ұпай жинап, әлем чемпионы атанды.
🥈 Екінші орынды үндістандық Шауля Дилип Бхарне (552 ұпай) иеленсе, 🥉 тағы бір Үндістан өкілі Рия Дуггал (552 ұпай) үздік үштікті түйіндеді.
👏 Бұл — Қазақстан құрамасының Зульдегі әлем чемпионатындағы үшінші жүлдесі.
Бұған дейін стенд атудан әйелдер құрамасы «трап» бағдарламасында алтын медаль жеңіп алса, Ринат Казаченко оқ атудан күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.