Стенд атудан Қазақстан құрамасы — Азия чемпионатының қола жүлдегері
Бүгін Шымкент қаласында өтіп жатқан нысана көздеу мен стенд атудан XVI Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті.
Трап жаттығуында аралас командалық сайыста Қазақстан-1 командасы сапында Әлішер Айсалбаев пен Айжан Досмағамбетова Үндістан-2 құрамасынан басым түсті. Есеп: 38-34. Тағы бір қола жүлдеге Қытайдың Тайпейі қол жеткізді.
Алтынды Қытай-2 мен Кувейт-1 командасы сарапқа салып жатыр.
Айта кетейік, бұл Әлішер үшін сары құрлық бәсекесінің алғашқы, ал Айжан үшін екінші медалі.
•
Стендовая стрельба: сборная Казахстана – бронзовый призёр чемпионата Азии
Сегодня в Шымкенте на XVI чемпионате Азии по пулевой и стендовой стрельбе в копилку Казахстана поступила ещё одна медаль.
В трапе в смешанном командном упражнении команда Казахстан-1 в составе Алишера Айсалбаева и Айжан Досмагамбетовой обыграла сборную Индии-2 со счётом 38:34. Ещё одну бронзовую награду завоевал Тайбэй (Китай).
«Золото» между собой разыгрывают команды Китай-2 и Кувейт-1.
Отметим, для Алишера это первая медаль на континентальном первенстве, а для Айжан – вторая.