Стенд атудан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында топ жарды
Стенд атудан 11-21 қаңтар аралығында Дохада (Қатар) өткен ересектер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында отандастарымыз жалпы есепте топ жарды.
Сары құрлықтың додасында Қазақстан құрамасы 14 медальді (5 алтын, 4 күміс, 5 қола) иеленді.
«Скит» жаттығуы. Ересектер:
🥇 Адель Садақбаева
🥇 Қазақстан әйелдер командасы (Адель Садақбаева, Ольга Хайлова, Әсем Орынбай)
🥈 Эдуард Ещенко
🥉 Ольга Хайлова
🥉 Қазақстан ерлер командасы (Ратмир Еникеев, Эдуард Ещенко, Илья Пеньков)
🥉 Қазақстан аралас командасы (Эдуард Ещенко, Әсем Орынбай)
Жастар:
🥇 Қазақстан ерлер командасы (Максим Почивалов, Владислав Заводиленко, Артем Ревков)
🥈 Максим Почивалов
🥉 Владислав Заводиленко
«Трап» жаттығуы. Ересектер:
🥇 Қазақстан әйелдер командасы (Элеонора Ибрагимова, Анастасия Прилепина, Наргиза Сарманова)
🥈 Максим Бедарев
🥈 Элеонора Ибрагимова
Жастар:
🥇 Қазақстан ерлер командасы (Денис Кривенко, Антон Бельский, Егор Царев)
🥉 Денис Кривенко
Жарыс барысында жерлестеріміз 3 әлем және 3 Азия рекордын жаңартты.
Азия чемпионатында 17 елден 200-ге жуық спортшы өнер көрсетті.