Стенд ату: Александр Мухамедиев Азия ойындарының іріктеуінде 7-орынға жайғасты💥
Жапонияның Аичи префектурасында стенд атудан ХХ жазғы Азиаданың ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сынның іріктеуі басталды.
Ерлер арасындағы скит бағдарламасының іріктеуінде Қазақстан командасының өкілі Александр Мухамедиев 7-ші, Артём Седельников 8-сатыға табан тіреді. Екеуі мүмкін болған 50 ұпайдан 48 жинады. Ал Давид Почивалов әзірге 20-орында (47 балл). Іріктеудің қалған бөлігі ертең өтеді. Содан соң финалда өнер көрсететін мергендер белгілі болады.
Еске сала кетейік, отандасымыз Владислав Мухамадиев Джакартадағы Азиадада іріктеу кезеңінің рекордын орнатқан (124 ұпай). Сонымен қатар Азия чемпионатының іріктеу кезеңіндегі рекорды да Владиславқа тиесілі (2013 жыл, 124 ұпай).
Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.
📸Нұрғали Жұмағазы
Стендовая стрельба: Александр Мухамедиев занял 7-е место в квалификации Азиатских игр
В префектуре Аичи (Япония) стартовала квалификация в индивидуальных дисциплинах среди мужчин и женщин по стендовой стрельбе на XX летних Азиатских играх.
В квалификации в дисциплине «скит» среди мужчин представитель сборной Казахстана Александр Мухамедиев занял 7-е место, Артём Седельников — 8-е. Оба спортсмена набрали по 48 очков из 50 возможных. Давид Почивалов на данный момент занимает 20-е место с результатом 47 очков.
Оставшаяся часть квалификации состоится завтра. По её итогам определятся спортсмены, которые продолжат борьбу за медали в финале.
Напомним, казахстанский спортсмен Владислав Мухамадиев установил рекорд квалификации на Азиатских играх в Джакарте, набрав 124 очка. Ему также принадлежит рекорд квалификации чемпионата Азии — 124 очка, установленный в 2013 году.
Отметим, XX летние Азиатские игры продлятся до 4 октября. В составе национальной сборной Казахстана выступают 558 спортсменов, которые борются за медали в 35 видах спорта.